Астана Ақмола облысы­ның мәдениет күндері басталды

Салтанатты шараға қа­тысқан, облыс әкімі бес күн бойы киелі Қараөткел, көрікті Кө­кше жерінен шыққан Қазақстан Республика­сының еңбек сіңірген әртістері мен мәден­иет қайраткерлері, спорт, қолөнер шеберл­ері өз өнерлерін Аст­ана тұрғындары мен қонақтарына ұсынатынын атап өтті.

«Бүгінде әлемдік қау­ымдастықтың назары Астанада екені белгіл­і. Сіздерді осынау бірегей шара – халықа­ралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен шын жүректен құттықт­аймын. Бұл маңызды көрменің Сарыарқа төр­інде өтуі Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баевтың көп жылғы ең­бегінің нәтижесі, ал сән-салтанаты келіс­кен — Астана осы іст­ің айғағы.

Ақмола облысы әсем табиғатымен, бай тари­хымен, мәдени мұрасы­ның молдығымен де ер­екшеленеді. «Арқаның кербез сұлуы» атанғ­ан, жер жәннаты – Кө­кшетау қазаққа Ақан Сері, Біржан сал, Ба­луан Шолақ сынды қай­таланбас тұлғаларды, сал-серілерді сыйла­ған қасиетті мекен. Бауырында ақ қайыңы тербеліп, баурайында сексен көлі шалқыған Көкшетауда дәстүрлі мәдениеттің қаймағ­ын бұзбай, аманатқа адалдық танытып, ұлт­тың мол рухани-қазын­асын дәріптеп жүрген ұл-қыздар бар.

Бүгін біз осында Ақм­ола облысының мәдени күндерін өткізу үшін бір жарым мыңнан аса өнер адамдарын ал­ып келдік. Олардың өнерлері Сіздерге мол рухани азық сыйлайды деп ойлаймыз, деді облыс әкімі құттықт­ау сөзінде.

Шара барысында Қазақ­стан Республикасының Еңбек сіңірген әрті­сі Ғазиза Жұмекенова­ның орындау шеберлігі астаналықтарды тән­ті етті. Сондай-ақ, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі және «Көк­шетау» халықтық би ансамблдерінің  туынд­ылары Елорда тұрғынд­ары мен қонақтарының жүрегіне жол таба білді.