20 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бірінші лек) өтініш білдірген 16 468 түлектің 15 862-сі (96,3%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -12633, орыс тілінде — 3229 адам. ҰБТ 42 өткізу пунктінде жүргізілді.
Тәртіп бұзғаны үшін, 3 адам аудиториядан шығарылып, олардың жауаптары саналмады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22 696 тыйым салынған зат алынды.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша, орташа балл — 75,53.