«Жалпы, тестілеу өте жақсы тапсырылып жатыр. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуден өтіп жатқандардың тек төрт пайызы ғана базалық деңгейден өтпей қалды. Сондықтан да барлық жақсы болады деп ойлаймын. Осы орайда талапкерлердің барынша көп үлесі ЖОО-ларға түсіп, жоғары білім алуын қалаймыз»,-деді министр.
Дегенмен, Ерлан Сағадиев ҰБТ-да қандай нәтиже болатынын айту қиын екенін, алайда барлығы оқуға түседі деп пайымдайтынын айты.
«Ең бастысы — барлығы тыныш әрі қалыпты жағдайда өтіп, мектеп оқушылары аттестацияны еңсергені маңызды»,-деді ведомство басшысы.