Басты бет Жаңалықтар Боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты

Боксшы Бейбіт Шүменов спортпен қош айтысты

Осыған дейін WBA тұжырымында көш бастап тұрған қазақстандық кәсіпқой боксшы спорттық мансабын тоқтатты.

Боксшының айтуынша, жаттығу кезінде алған көз жарақаты тым ауыр болып шыққан. Дәрігерлер оған бокспен айналысуға тыйым салған, ал жалғастыра берсе көзі көрмей қалады. Шілдеде боксшыға тағы бір операция жасалады.

Айта кетейік, бүгін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті «тұрақты» чемпион титулынан айырды. Бұл атақ кубалық Юниер Дортикоске бұйырған.

Шүменов пен Дортикос алдағы сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық боксшы жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, кездесу кейінге қалған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version