Басты бет Жаңалықтар Бейбіт Шүменов «тұрақты» чемпион титулынан айрылды

Бейбіт Шүменов «тұрақты» чемпион титулынан айрылды

WBA бірінші ауыр салмақтағы маңызды өзгерістері бар жаңартылған рейтингісін жариялады. 

WBA тұжырымы бойынша боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) «тұрақты» чемпион титулынан айырылып қалды. Бұл атақ бұған дейін ұйымның «уақытша» чемпионы болған кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20 КО) бұйырды.

Айта кетейік, Шүменов пен Дортикос сәуір айында қолғап түйістіруі керек еді. Алайда отандасымыздың жарақатына байланысты жекпе-жек болмайтын болды. Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынауы керек болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version