Бейбіт Шүменов пен Юниер Дортикостың кездесуі болмайды

WBA (Regular) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің WBA нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегі қазақстандық былғары қолғап шеберінің жарақатына байланысты өткізілмейтін болды.

Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетуі керек болған «Kazsport» телеарнасына Бейбіт Шүменовтің менеджері хабарлады.

Еске сала кетейік, бірінші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек 30 сәуірде Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған еді.

Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынауы керек болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version