Астанада жүз пилон мен 140 бағыттаушы белгілер орнатылды

Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС бірлесіп «Жаяу жүргіншілер бағыттамасы жүйесі» жобасын жүзеге асырған болатын. Туристік сілтемелер қаланың адам көп жүретін жерлері мен ірі қиылыстар жанында, Астана саябақтарында пайда болды.

«Біз жобамызды жүзеге асыру барысында Лондон мен Мәскеу және жаяу жүргіншілер бағыттамасы жүйесі сәтті іске асқан қалалардың тәжірибелерін зерттедік», — деді Б.Әбдрахманов.

Әр пилонда елорданың көрікті жерлерінің, банктердің, валюта айрбастау пунктерінің орналасуы туралы ақпарат бар. Бұл жерде қалалық полиция және жедел жәрдем қызметі call-орталықтарының нөмірлері көрсетілген. Пилондар мен нұсқаушы белгілердегі ақпараттар үш тілде жазылған: қазақ, орыс, ағылшын.

«Пилонда «15 минут жүру картасы» орналасқан. Әр карта пилон тұрған орынға сай жасалған. Соған қарап қала қонақтары аймақты жеңіл анықтай алады. Пилоннан 15 минут жаяу жүргенде қандай орындар бар екенін түсінеді. Сонымен қатар, бұл жерде Астананың да картасы бар», — деп жалғады сөзін Б.Әбдрахманов.

Жыл бойы елордадағы пилондар мен сілтемелердегі ақпараттар жаңартылып тұрады, себебі көшеде қала аттары өзгерді, жаңа кафелер мен мейрамханалар пайда болуда.

ДереккөзAstana.gov.kz