«Қазақстан Барысы-2017» турнирінің финалистері кімдер?

«Қазақстан Барысы» төрт кезеңнен тұрады: ауылдық, аудандық, облыстық және финал. Соңғы кезеңге ауылдық, аудандық, облыстық іріктеу белдесулерінен сүрінбей өткен 34 палуанның есімі белгілі болды:

  1. Бекбол Нұрланұлы, Ақмола обл., Ақмола арланы
  2. Дәулет Әшірханов, Ақмола обл., Қоқан
  3. Шыңғыс Шоқпытов, Ақтөбе обл., Алжан
  4. Нұрбек Досмағанбетов, Ақтөбе обл., Дос
  5. Александр Касачев, Алматы обл., Жетісу бөрісі
  6. Ұлан Рысқұл, Алматы обл., Жетісу қыраны
  7. Кенжебек Күзембаев, Атырау обл., Шағырай
  8. Арман Қалиев, Атырау обл., Жас қыран
  9. Ерназар Хамзин, Батыс Қазақстан обл., Қожа
  10. Темірлан Көлбай, Батыс Қазақстан обл., Тана сұлтаны
  11. Айбол Айтбек, Жамбыл обл., Әулиеата барысы
  12. Абай Ерболұлы, Жамбыл обл., Хантау батыры
  13. Асыл Бәрменов, Қарағанды обл., Алсай
  14. Ержан Шынкеев, Қарағанды обл., Көк бөрі керней
  15. Мақсат Исағабылов, Қызылорда обл., Сыр барысы
  16. Нұрым Сәлімгереев, Қызылорда обл., Сыр арланы
  17. Ерлан Омаров, Қостанай обл., Қара балуан
  18. Абылайхан Қасымхан, Қостанай обл., Жас барыс
  19. Нұрдәулет Жарылғапов, Маңғыстау обл., Қара бура
  20. Мейрамбек Жаңабай, Маңғыстау обл., Ер Шеген
  21. Әділжан Ыстыбаев, Оңтүстік Қазақстан обл., Балуан
  22. Жолдасбек Бектұрсынов, Оңтүстік Қазақстан обл., Оңтүстік Арыстаны
  23. Әділет Нұрпейісов, Павлодар обл., Баянауыл арланы
  24. Самир Мәмедов, Павлодар обл., Ірбіс
  25. Алтынбек Аусағитов, Солтүстік Қазақстан обл., Қызылту барысы
  26. Ғизат Қалықов, Солтүстік Қазақстан обл., Бәйтерек
  27. Айбек Нұғымаров, Шығыс Қазақстан обл., Шығыс барысы
  28. Мұхит Тұрсынов, Шығыс Қазақстан обл., Жалын
  29. Руслан Әбдіразақов, Алматы қаласы
  30. Дәурен Нұралинов, Алматы қаласы, Аякөз арланы
  31. Дархан Бижанов, Астана қаласы, Қыпшақ
  32. Мұрат Кеңтонов, Астана қаласы, Смайыл балуан
  33. Еламан Ерғалиев, Әскер Барысы, Қаратамыр
  34. Олжас Шынкеев, Әскер Барысы, Жарылғап

Айта кетейік, үш рет «Қазақстан Барысы» атағын алған Бейбіт Ыстыбаев бұл жолы қатыспайды. Әйтсе де, өткен жылдардың жеңімпаздары Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсынов турнирде бақ сынасады.

Биыл финалдық кездесулер «Барыс Аренада» өтеді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.

ДереккөзVesti.kz