Руслан Әбдіразақов «Алматы барысы» атанды

Сайыс қорытындысы бойынша, Алматыдан екі балуан 3 шілдеде Астанада өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алды.

Бүгінгі сайыста Алматының 8 ауданынан 24 балуан бақ сынады. Финалдық кездесуде Руслан Әбдіразақов Дәурен Нұралиновтен  айласын асырып, «Алматы Барысы» атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде турнирдің былтырғы чемпионы Виктор Демьяненко қарсыласын қапы қалдырып, қола жүлдеге қол жеткізді.Екінші және үшінші орын алған балуандар арнайы белбеу мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал Руслан Әбдіразақовқа белбеу мен «Лада Гранта» автокөлігі сыйға тартылды.

Айта кетейік, Руслан Әбдіразақов Дәурен Нұралинов «Қазақстан Барысы» турнирінде  Алматы қаласының намысын қорғайтын болды.

ДереккөзInform.kz