«Қазақстан Барысы-2016» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алады

Астанада өткен турнирдің ақтық сынында ол Жұманазар Ерсұлтановты жеңді. Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына осымен төртінші рет шықты, ал оның қарсыласы шешуші жекпе-жекке тұңғыш рет шыққан еді. Ыстыбаев тәжірибелі екенін дәлелдеп, турнирде үшінші мәрте жеңіске жетті.

Ал қола үшін жекпе-жекке Дәулетхан Жақыпов пен Айбол Айтбек шықты. Төртінші минутқа дейін палуандар өте сақ жүрді, ал осыдан кейін Айтбек қарсыласынан айласын асыра біліп, жартылай жеңіске қол жеткізді. Ал бір минут өткеннен кейін ол қарсыласын тағы да жығып, жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнир чемпионы Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алады. Күміс жүлдегер белбеу мен бес жарым миллион теңге алады. Қола жүлдеге қол жеткізген палуан бір миллион 800 мың теңгені місе тұтты.

Дереккөзtengrinews.kz