Қазақстан кедейлікпен күресуге бөлінген қаржыны үш есе көбейтті

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк тағы 23 млрд теңге қарыз бермек.

2016 жылы бөлінген қаражаттың 80 пайызы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына, білім беру мен бизнесті қолдауға жұмсалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі кедейлікке қарсы күрес үшін донор ретінде 60,3 млн теңге бөлмек.

Салалар бойынша ең көп қаржы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 6,6 млрд теңге бөлінсе, соның ішінде  Қызылорда облысына (3,4 млрд теңге), СҚО (1,5 млрд теңге), Павлодар облысы (0,9 млрд теңге), Ақтөбе облысы (0,4 млрд теңге), Қостанай облысы (0,2 млрд теңге) және Жамбыл облысына (0,18 млрд теңге) бөлінді.

Ал білім беруге 3,8 млрд теңге, кәсіпкерлікті дамытуға 3,3 млрд теңге, ауыл шаруашылығына 1,2 млрд теңге және денсаулық сақтауға 0,2 млрд теңге бөлмек.

ДереккөзNaryk.kz