Түймедақ шайы
Түймедақ шайы — сүт атаулыны ұнатпайтындар үшін баламалы таңдау. Бала тәрізді тәтті ұйқыға бөленгіңіз келсе, ұйқыға жатардан жарты сағаттай уақыт бұрын қанты аз түймедақ шайын ішіңіз.
Жылы сүт
Ұйқыны жақсартатын пайдалы сусынның бірі — жылы сүт. Сүттің құрамында триптофан аминқышқылы және кальций бар. Триптофан адам ағзасын тыныштандыраса, кальци сүйектің мығым болуына пайдасын тигізеді.
Жалбыз шайы
Ұйқыға пайдалы сусындардың бірі — жалбыз шайы. Ол шаршағанды басып, тыныштануға көмектеседі. Сондай-ақ оны жүрек айныған кезде ішсе, оң әсерін береді. Өзге емдік шайлар тәрізді жалбыз шайы тек емдік қасиеттерді ғана игермеген, оның тіл үйірер дәмі көпшіліктің көңілінен шығады.
Ыстық шоколад
Көп адам ыстық шоколадты какаомен шатастырып жатады. Ыстық шоколад какаодан гөрі қоюлау, өйткені оның құрамында какао-май мен какао-ұнтағы бар. Какао ыстық судың негізінде жасалса, ыстық шоколад сүт немесе кілегеймен дайындалады. Өзінің пайдалы дәрумендері арқылы ыстық шоколад сіздің жайлы ұйықтауыңызға кепіл бола алады.