Басты бет / Жаңалықтар /
студент
Фото: Huawei

Биыл Алматыдағы колледждерге 17 мыңнан астам грант бөлінді

Алматыдағы колледждерге талапкерлерді қабылдау науқаны биыл толықтай цифрлық форматта өтіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, талапкерлердің құжаттары OQU Bilim ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр.

Қазір жүйеде 8 182 өтініш тіркелген. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысының жоспарланған көлемінің 46,1%-ы болады. Биыл Алматыдағы 58 колледжге мамандар даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 17 173 орын бөлінген. Жалпы қалада 88 колледж жұмыс істейді. Олар 131 мамандық пен 220 біліктілік бойынша кадр даярлайды, — делінген хабарламада.

Қазір Алматы колледждерінде 86,8 мыңнан астам студент білім алып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok