Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда 3...

Көкшетауда 3 мыңнан астам бала шеруге шықты

Салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Шарада дауылпаздар, асатаяқтар, дабылшылар, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер тəрізді шығармашылық ұжымдар қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, Тәуелсіз алаңында жалғасты.

Көкшетау Ақмола балалар

Қызықты репертуарлар, музыкалық аспаптардың сазы жəне шығармашылық ұжымдардың киімдері мерекенің көркін одан сайын аша түсті.

Шараға жоғары оқу орындары жəне колледждердің оқытушылары мен студенттері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді ат салысқанын айта кеткен жөн.