«Біз студенттерге жоғары білім алу үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Биыл гранттардың саны көбейеді. Яғни бакалавр дәрежесіндегі гранттар 31 мыңнан 37 мыңға дейін, магистранттарға 7 мыңнан 10 мыңға дейін, ал докторантураға 600–ден 800–ге дейін артады», — деді басшы.
Осы орайда министр өңірлердегі жастар үшін жергілікті университеттер тарапынан қосымша гранттар болатындығын айтты.
«Сонымен қатар жергілікті өңірлердегі әкімдіктер жоғарғы оқу орнында өз гранттарын бөлуге заң тұрғысынан рұқсат етілді. Бұл депутаттардың бастамасы», — деп түйіндеді сөзін Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрінің халыққа есеп беру кездесуі Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтіп жатыр.