БАҚ туралы жаңа Заң таныстырылды

Аталмыш заң жобасы аясында 12 заң мен 4 кодекске 250-ге жуық түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Министрдің айтуынша, бұл өзгертулерді енгізу БАҚ өкілдерімен болған қызу пікір талас негізінде жүзеге асқан.

«Осы жобаны кеңінен талқылау үшін қоғамның қатысуына барша мүмкіндікті жасадық. БАҚ өкілдерімен қызу пікір талас өтті. Осындай талқылаудың нәтижесінде азаматтық қоғамның қалауы бойынша жобаның кейбір баптарына өзгерістер енгіздік. Бұл ретте біз ақпараттық кеңістікті нығайту мен отандық масс-медианы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды назарға ала отырып, әрі азаматтардың мүддесін қорғауды да ескердік. Осының арқасынде пікіріміз бір арнаға тоғысып, ортақ шешімше келдік», — деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ ол қоғам тарапынан келген ұсыныстың 70%-ы заңға енгізгендігін мәлімдеді.

«Министрлік талқылау кезінде айтылған 200-ден астам ұсыныстың 70%-ын ескерді. Олар заң жобасына енгізілді. Бұдан бөлек, Премьер-министр кеңсесінің бөлімдерінен келіп түскен ескертулер де назарға алынды. Заң жобасы шеңберінде 12 заң мен 4 кодекске, 250-ге жуық түзетулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отырмыз. Ендігі кезекте аталмыщ заң жобасында қамтылатын негізгі өзгерістерге тоқталып өтейін», — деді министр.

Жаңа БАҚ туралы заңда балалардың құқығын қорғау мәселесі де енгізілген.

«Заңда ақпараттық кеңістікте балалардың құқығын қорғау көзделген. Осы мақсатта келесі новеллалар енгізілді. Зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан балалардың фотосы және оған қатысты деректерді оның және заңды өкілдерінің рұқсатынсыз пайдаланбау. Балалар мен білім беруге бағытталған телебағдарламалардың заң тұрғысынан анықтамасын беру. Сондай-ақ, БАҚ азаматтың рұқсатынсыз оның суретін пайдалана алады», — деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл құжат БАҚ жұмысын жеңілдете түспек.

«Екіншіден, заң жобасына БАҚ түсетін жүктемені азайту жүктелген. Яғни ұсақ заң бұзушылық бойынша БАҚ-тың жұмысын тоқтата тұру, тиражды тәркілеу деген нормаларды алып тастау ұсынылып отыр. Баспасөз басылымы өкілетті органға міндендетті анықтаманы электронды түрде беруге міндетті. Үшіншіден, БАҚ пен мемлекет арасындағы байланысты жақсарту үшін «ресми хабар беру» деген түсінік ензуді жоспарлап отырмыз», — деді министр Дәурен Абаев. 

 

ДереккөзBaq.kz