Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, Есентай өзені, Весновка, ауа райы, ауа сапасы, туризм
Фото: Алматы әкімдігі

9 маусымда еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

9 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok