Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтауда өлі итбалықтар табылды: экологтар теңіз суын тексеруге жіберді

Фото: Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі
Ақтау маңындағы Каспий теңізі жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды. Маңғыстау экологтары теңіз суын тексеруге жіберді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, өлі итбалықтар 24 мамыр күні 1Б шағынауданының ар жағындағы «Шағала» демалыс аймағы маңындағы жағалаудан анықталған.

Қазіргі уақытта қырылған жануарлардың нақты саны нақтыланып жатыр.

Оқиғадан кейін экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алып, зерттеуге жіберген. Сараптама нәтижелері кейінірек жарияланады.