Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» РМК дерегіне сүйеніп, ел аумағы бойынша дауыл болатынын ескертті. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
29 мамырда Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай ойнауы мүмкін.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінен, шығысынан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр сіркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде жел екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысына әлі де жоғары өрт қаупі, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі төніп тұр.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың батысында, орталығында әлі де жоғары өрт қаупі әлі де төніп тұр.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында әлі де жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі төніп тұр.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Петропавл қаласында жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші — 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр себелеп, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында түнде екпіні 25 м/с болатын жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысында шығыстан жел соғады. Облыстың таулы аудандарында жел күші 15-20 м/с-ға жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Оның екпіні — облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 18-23 м/с болатын жел соғады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр себелеп өтеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
