Алматы қаласында ауызашарға арналған ас мәзірін ұсынатын орындар

Ифтар берілетін орындардың халал болуы, арақ-шараптың болмауы, тағамдарының да мұсылман талаптарына сәйкес келуі, арнайы намазханасының болуы шарт. Назарларыңызға ауызашарға арналған ас мәзірін ұсынатын орындардың тізімін ұсынамыз.

Diadema

Diadema

Diadema салтанат залы тек қана ас мәзірімен емес, жағымды атмосферасымен, үш үлкен салтанатты залымен ерекшеледі. Ауызашар асты өз қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Бағасы да қолжетімді.

Мекен-жайы: Йассауи көшесі 164, Достық ықшам ауданы.
Бағасы: 1650 теңгеден басталады.
Байланыс телефоны: +77773000566

Mumin

Mumin мұсылман кафесі

Аталмыш мұсылман кафесі ифтар-мәзірдің екі нұсқасын дайындайды. Мұнда бесбармақ, палау мен бауырсақтан бөлек, салаттың бірнеше түрін, сорпа мен салқын сусындар, шәйдің түр-түрін таба аласыз.

Мекен-жайы: Әйтеке би көшесі 21.

Бағасы: 3000 теңгеден басталады.

Байланыс телефоны: +77272912071

Rumi

Rumi мейрамханасы

Rumi мейрамханасы

Rumi палау орталығы мейрамханасы ауызашарға ерекше ас мәзірін ұсынады. Мұнда жемістер мен көкөністерден тұратын себеттер, негізгі тағам және палау, шығыс тәттілері мен таңдау бойынша сусын беріледі. Ең дәмді палауды осы мейрамханадан ған жеуге болады.

Мекен-жайы: 1. Достық даңғылы 63.

2. Абылай хан даңғылы 92А.

Бағасы: 3000 теңгеден басталады.

Байланыс телефоны: +77018080111

«Veranda У Дачи» кафесі

«Veranda У Дачи»

«Veranda У Дачи» кафесі ауыз бекіткен жандарға арнап арнайы ас мәзірін дайындады. Бұл жерде достарыңызбен, жақындарыңызбен үлкен дастархан жайып, ауызашар жасасаңыз да болады. Ас мәзірінен бөлек, әрбір қонақты тегін құрма мен жеті нан, сусындар мен бауырсақ күтіп тұр. Ал ауызашарға көңіліңіз қалаған тағамның барлығын дерлік таба аласыз.

Мекен-жайы: Мамыр 4ші ықшам ауданы, 197 «Б»
Бағасы: 2500 теңгеден бастап.
Байланыс телефоны: +7 7086927598

Grand Opera

Grand Opera

Аталмыш мейрамханада берілетін ифтардың ас мәзіріне 2 түрлі салат, 2 түрлі сорпа, 2 ыстық тағам, нан мен бауырсақ, тәттілер мен құрма кіреді. Бұдан бөлек, қымызға тапсырыс беруге де болады.

Мекен-жайы: Қабанбай батыр КӨШЕСІ 132 (Наурызбай батыр көшесімен қиылысы)
Бағасы: 2000 теңге
Байланыс телефоны: +77785881328

Red Dragon

Red Dragon мейрамханасы

Red Dragon мейрамханасы 22 маусым күні тегін ауызашарға шақырады. Ас мәзірінде төрт түрлі ет тағамдары, шығыс тәттілері, сорпа, бауырсақ және тағы басқа тағамдар болады.