Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Құрбан айт күні ХҚКО-лар істемейді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

27 мамырда, Құрбан айт мерекесіне орай, Қазақстан бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО азамат қабылдамайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, мерекенің бірінші күнінде барлық бөлімшенің жұмысы уақытша тоқтайды. Бұл шектеу кезекші ХҚКО-ларға да қатысты.

Мереке күніне сәйкес келмейтін күндері барлық орталық бекітілген жұмыс кестесі бойынша қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға түсіп тұр. Алматы мен Астанада құран шалуға болатын орындардың тізімі бекітілген еді.

Exit mobile version