Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі әзірленіп жатыр

Фото: Doctorate.ru

Не болды?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзіміздің ғалымдар қатерлі ісікке қарсы препарат әзірлеп жатқанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкімет отырысында министр дәріні тіркеу биыл аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ғалымдар қазір дәріні емхана сынағында зерттеп жатыр. Зерттеудің қорытындысы бойынша, қыркүйек айында Қарағанды, Алматы және Астанадағы онкология орталығында жүретін сынақ нәтижесі таныстырылады. Осыдан кейін препаратты ресми тіркеу жоспарланады.

Алғашында дәріні Алматыда тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарға сынақтан өткізген. Нәтижесінде препарат ісіктің таралуы мен метастаздың дамуын, шамамен 30% төмендеткен.

Қазір зерттеу екінші кезеңге өтті. Бұл сатыда мамандар дәрінің тиімді мөлшерін анықтап, қатерлі ісіктің өзге түріне қарсы қолдану мүмкіндігін тексеріп жатыр. Алғашқы сынақ кезінде мамандар препараттың ең төменгі дозасын пайдаланды, — деді Саясат Нұрбек.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді елімізде маңызды дәрілерді тіркеу тәртібі жеңілдеді.

Exit mobile version