Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда бірнеше көше біржақты қозғалысқа ауысады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Енді Тимирязев, Жандосов, Манас көшелері біржақты көлік қозғалысы болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Almaty Joly-ның мәліметі бойынша, қаладағы бірнеше көшеде біржақты көлік қозғалысы ашылады. Бұл бастама жолдағы жүктемені азайтып, ыңғайлы көлік қозғалысын құруға бағытталған. Енді Тимирязев, Жандосов, Манас, Мыңбаев, Береговая, Армянская, Айманов пен Пушкин көшелерінде біржақты көлік қозғалысы болуы мүмкін.

Біржақты көлік қозғалысы:

  • «Тастақ» базарының маңы;
  • Әуезов — Байзақов;
  • Жуков — Уәлиханов;
  • Радостовец көшелеріне енеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Рысқұлов көшесінде автобус жолағы салынады.

Exit mobile version