Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ШҚО-да заңсыз алтын өндірген 4 адам ұсталды

Фото: Кazminerals.info

Не болды?

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірген төрт адам ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Күршім орман шаруашылығының қызметкерлері алтын өндірген төрт адамды ұстады. Олар пайдалы қазба өндіретін ауыр техника мен спутник байланыс құралдары арқылы заңсыз алтын алуға тырысқан. Қылмыс аумағынан шынжыр табанды экскаватор, автокөлік, мотоцикл, қымбат металл іздегіштер мен өзге де жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы бойынша төрт азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, 19 мамырда «Қазақалтын» шахтасында заңсыз кен қазуға тырысқан екі адам қаза болған еді.