Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Фото: woman.ru
Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды. Оқиға 23 мамыр күні Түргенев көшесіндегі қоқыс контейнерлерінің маңында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, табылған сәби тірі болған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары жаңа туған баланы дереу медициналық мекемеге жеткізген. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында.

Қазіргі таңда сәби медициналық мекемеде жатыр. Полиция баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір құқық қорғау органдары сәбидің анасының жеке басын және жаңа туған баланың қоқыс жәшігіне қалай түскенін анықтап жатыр.