Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Болашақ» бағдарламасының жаңа ережесі қандай?

Фото: "Болашақ" бағдарламасының баспасөз қызметі

Не болды?

Үкімет «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеуге өзгеріс енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бағдарламада алғаш рет атом саласының қызметкерлері жеке санатқа кіреді. Бұл қатарға атом энергетикасы, уран өндіру, радиофармацевтика және ядролық технология саласында жұмыс істейтін мамандар кіреді. Шетелде білім алып, тағылымдамадан өту үшін үміткерлердің кемінде үш жыл еңбек өтілі болуға тиіс.

Сонымен қатар инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарға қойылатын талап нақтыланды. Техникалық мамандыққа оқуға түсу үшін кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі қажет деп бекітілді.

Ауылдан шыққан магистратураға үміткерлерге де арналған арнайы санат енгізілді. Бағдарламаға қатысу үшін кейінгі екі жыл бойы ауылдық жерде тіркеліп, сол жерде еңбек еткенін растау қажет.

Бұдан бөлек, конкурсқа қатысушыларғ көлемі 500 сөзден аспайтын мотивация хатын жазу міндеттелді. Онда талапкер таңдаған оқу орнының артық тұсын, шәкіртақының не үшін қажет екенін және алған білімінің болашақтағы пайдасын көрсетуге тиіс.

Жаңа қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, биылдан бастап атом саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алатыны хабарланды. «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 16 қазанға дейін жалғасады. 

Exit mobile version