Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунттарын пайдаланып жүр

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактілеріне байланысты азаматтарға ескерту жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, алаяқтар кәмелетке толмағандардың sim-карталары мен аккаунттарын өз мақсаттарына пайдаланып жүр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде бағалануы мүмкін екенін атап өтті.

Жасөспірімдер материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін бөгде адамдарға беретін жағдайлар тіркелген. Қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау және өзге де заңсыз әрекеттер үшін пайдаланады, — делінген хабарламада.

Министрлік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды басқа адамдарға беру заң бойынша қылмыс жасауға көмектесу ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертті.

ІІМ азаматтарды:

  • күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға;
  • жеке аккаунттарды бөгде адамдарға бермеуге;
  • кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге;
  • мессенджерлерге тіркелген нөмірлерді басқа адамдарға пайдалануға бермеуге;
  • күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook