Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
«Қазгидромет» 23–25 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

23 мамыр күні Түркістан облысы, Алматы облысы және Жамбыл облысы аумақтарында жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. 24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Республиканың қалған бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Сонымен қатар ел бойынша жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Кей өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Синоптиктер солтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүруі мүмкін екенін ескертті.

Алдағы күндері күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • батыста +28…+35°C,
  • солтүстік пен орталықта +20…+32°C,
  • шығыста +17…+25°C,
  • оңтүстікте +22…+35°C,
  • оңтүстік-шығыста +20…+28°C дейін көтеріледі.
Exit mobile version