Алматыда әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол апатына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні өтетін болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қаза болған 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының адвокаты Олег Черновтың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аяқталды, енді іс сот қарауында.
Ішкі істер министрі мен президенттің тапсырмасы барынша қысқа мерзімде орындалды. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді, – деді Олег Чернов.
Адвокат Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне қылмыстық істі объективті әрі жедел тергегені үшін алғыс айтты.

