Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
22 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы күрделене түседі: кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік облыстар мен Астанада түнде топырақ бетінде үсік сақталады.

Астанада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.

Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.

Шымкентте күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтауда күн құбылмалы, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Қарағандыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.

Көкшетауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік жүреді.

Қонаевта күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C.

Қостанайда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.

Қызылордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.

Петропавлда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +17…+19°C болады.

Семейде күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.

Талдықорғанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.

Таразда күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.

Түркістанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Оралда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.