Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда қандай тұрғын үйлер сүріледі?

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

Алматыда ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасына өзгеріс енді. Қалада жекелеген аумақтар ғана емес, тұтас кварталдар жаңарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Krisha.kz дерегінше, бұл өзгеріс 2026-2030 жылға арналған Алматыны дамыту жоспары аясында жүзеге асады. Тұрғындарды көшірумен Almaty Renovation компаниясы айналысады. Құрылыс компаниялары пәтер мен жеке үйлерді меншік иесінен сатып алады.

Квартал жүйесі деген не?

Жаңа жүйе бойынша тек апатты немесе ескі көпқабатты үйлер емес, сол аумақтағы жеке сектор мен кей жағдайда коммерция нысандары да сүріледі. Орнына тұрғын үй кешені салынады.

Тұрғындарға ұсынылатын өтемақы түрі қандай?

Тұрғындарға үш түрлі таңдау беріледі:

  • үйді нарықтағы құнына сатып алу;
  • ескі пәтерді жаңа пәтерге айырбастау (бөлме санына қарай);
  • құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа үйден пәтер алу (құрылыс кезінде уақытша баспана ұсынылады).

Реновациямен айналысатын компания қалай таңдалады?

Инвесторлар ашық байқау арқылы таңдалады. Байқауды «Алматы ӘКК» өткізеді.

Құрылыс компанияларына қойылатын талап мынадай:

  • тұрғындарды көшіруге және құрылыс бастауға жеткілікті қаржысының болуы;
  • кемінде екі жыл құрылыс тәжірибесінің болуы;
  • пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10 мың шаршы метрден кем болмауы;
  • қарызы мен сот дауы болмауы;
  • үй салуға лицензиясының болуы.

Жоба бекітілгеннен кейін инвестор тұрғындарды 12 ай ішінде көшіруге міндетті. Құрылыс            үш жылда аяқталуға тиіс.

Сүрілетін үйлердің мекенжайы

Алмалы ауданы:

Масаншы-Абай даңғылы-Қашқар-Құрманғазы көшеcінде 243 пәтері бар 10 үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 3,8 гектар. Орнына тоғыз қабатты алты тұрғын үй салынады.

Төле би-Верещагин-Қарасай батыр-Бруно көшесінде 10,3 гектар аумақтағы 163 пәтері бар 21 үй сүріледі. Орнына тоғыз қабатты 11 тұрғын үй cалынады.

Әуезов ауданы:

Ясауи-Қоржын көшеcінің қиылысында 138 пәтері бар 12 үй сүріледі. Алып жатқан     аумағы – 2,6 гектар. Орнына тоғыз қабатты 13 тұрғын үй салынады.

Алатау ауданы:

Райымбек-Немирович-Данченко көшеcі маңында 40 пәтері бар үш көпқабатты үй мен бірнеше жер үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 2,7 гектар. Орнына алты-тоғыз қабатты 16 тұрғын үй салынады.

Айналмалы-Арай-Орталық көшесінде  72 пәтері бар жеті үй сүріледі. Алып жатқан                аумағы – 14,2 гектар. Орнына алты қабатқа дейінгі 20 тұрғын үй салынады.

Бостандық ауданы:

Ақпаев-Тоқтаров көшеcі маңында 114 пәтері бар 18 үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 3,1 гектар. Орнына тоғыз қабатты сегіз тұрғын үй салынады.

Тілендиев-Айвазовский-Брусиловский-Түркебаев көшесі аралығында 108 пәтері бар тоғыз үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 3,6 гектар. Орнына тоғыз  қабатты 11 тұрғын үй салынады.

Розыбакиев-Солодовников-Радостовец көшеcі маңында 24 пәтері бар үш үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 0,5 гектар. Орнына тоғыз қабатты үш тұрғын үй салынады.

Түрксіб ауданы:

Шолохов-Ақынов-Спартак-Толстой көшесі 1,3 гектар аумақтағы 54 пәтері бар бес үй сүріледі. Орнына алты қабатты бір тұрғын үй салынады.

Сейфуллин даңғылы-Крамской-Успенский көшесі маңын 5,8 гектар аумақтағы 40 пәтері бар бес үй сүріледі. Орнына алты қабатты тоғыз тұрғын үй салынады.

Сейфуллин-Ровенский-Кабардинский-Жұмабаев көшеcі аралығында 210 пәтері бар 16 үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 5,7 гектар. Орнына тоғыз қабатты 17 тұрғын үй салынады.

Ақан сері-Чернышевский-Станкевич-Аймауытов көшесі аралығында 64 пәтері бар сегіз үй сүріледі. Алып жатқан аумағы – 3 гектар. Орнына жеті қабатты 16 тұрғын үй салынады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда жаңа метро құрылысына байланысты үш аудандағы үйлер бұзылады.

Exit mobile version