Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ҰБТ: Түркістанда бір кластың 2 оқушысы 140 балл жинады

Фото: Gov.kz
Түркістанда бір кластың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады. Екі оқушы бір класта білім алып, бірдей бейіндік пәндерді таңдаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, 16 мамыр күні TULGA SCHOOL мектебінің 11 «Д» класс оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-да ең жоғары нәтижелердің бірін көрсеткен.

Екі оқушы бір класта білім алып, бірдей бейіндік пәндерді таңдаған. Олардың болашақ мамандық бағыттары да ұқсас. ҰБТ барысында олар Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған, сонымен қатар халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл иеленген, — делінген хабарламада.

Қос түлектің таңдауы — Мақсұт Нәрікбаев университеті. Олар болашақта аударма ісі мамандығы бойынша білім алып, халықаралық деңгейде қызмет етуді жоспарлап отыр.

Exit mobile version