Басты бетЖаңалықтар"Canon" компаниясы...

«Canon» компаниясы студенттер арасында үздік бейнеролик байқауын өткізеді

Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Назарбаев Университетінің және ҚМЭБИ (Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты) студенттері қатыса алады. Шара халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өткізіліп отыр.

Байқаудың негізгі шарты – «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған 3-5 минуттық бейнеролик түсіру. Ұйымдастырушылар қатысушыларға ролик түсіру үшін арнайы Canon EOS C300 және Canon XF305 бейнекамераларын береді.

Жұмыстарды еліміздің киноөндірісінің танымал өкілдері бағалайтын болады.

Әділқазы мүшелерінің бірі «Canon» компаниясының Қазақстандағы өкілі Александр Смирнягин болмақ: Бұл байқаудың мақсаты – дарынды жастарды қолдау, дамуға жетелеу және жаңа буынның шығармашылығын шыңдау,- дейді.

Байқау 25 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды 6 қыркүйек күні австралиялық ЭКСПО павильонында анықтайтын болады.

Сыйлық ретінде 600 000 және 400 000 теңгеге Canon техникасын сатып алуға арнайы талон беріледі. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Canon» компаниясының атаулы сертификаттары табысталады.

ДереккөзBrod.kz