Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанадағы LRT осы аптада іске қосылады. Жолақысы қалай төленеді?

Фото: Астана әкімдігі
Астанадағы LRT желісі 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Жолақыны арнайы көлік картасы, банк карталары және мобайл қолданбалар арқылы төлеуге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, бір реттік жол жүру құны 200 теңге, ал LRT көлік картасының құны 1 000 теңге болады.

Жолаушылар жолақысын Apple Pay және Samsung Pay арқылы смартфон немесе ақылды сағатпен төлей алады. Сонымен қатар Halyk Bank пен Kaspi.kz мобайл қолданбадағы QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан бөлек, жолаушылар бір реттік билеттерді LRT кассаларынан немесе арнайы TVM автоматтары арқылы сатып ала алады. Жеңілдік және мектеп карталарын пайдаланатын кей санаттағы азаматтар үшін жол жүру тегін болады. Атап айтқанда, Астанада тұрақты тіркеуі бар 7-18 жас аралығындағы оқушылар, сонымен қатар заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына кіретін азаматтар LRT қызметін ақысыз пайдалана алады, — деді Асылбек Дүйсебаев.

Еске салайық, Астана мен Қосшыны жалғайтын LRT салынып жатыр.