Атырауда жол бойында қауіпті маневр жасап, автокөлік ішінен әуеге отшашу атқан азаматтар жедел түрде анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Облыстық ПД мәліметінше, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневр жасап, апатты жағдай туғызған.
Сонымен қатар көлік ішіндегі жолаушы терезеден денесін шығарған. Осыған байланысты жүргізушіге бірнеше әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар аталған тұлғаларға қатысты ұсақ бұзақылық, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды қолдану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қабылданды, – делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушылық фактісі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Ал автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
