Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әл-Фарабидегі апат бойынша іс материалдарын зерттеуге кірістік. Іс бітті, – деп жазды жәбірленушілердің бірінің адвокаты Олег Черно әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурыз күні түнгі сағат 03:30 шамасында әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr маркалы автокөлік Mercedes-Benz көлігіне соғылған. Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза болды. Ал апатқа кінәлі делінген Zeekr жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
