Көкшетауда автотұрақтан шығып бара жатқан көліктің астында қалған 52 жастағы әйел қайтыс болды. Әйелді қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жүргізуші мен көлік иесіне қылмыстық іс қозғалды
Полицияның мәліметінше, көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу және көлік құралдарын пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқығы жоқ екені және тиісті дайындықтан өтпегені анықталды. Сонымен қатар көліктің иесі, яғни әйелдің жұбайы да жауапқа тартылып жатыр. Оған рұқсаты жоқ адамға көлік бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Мұндай құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, қайғылы жағдай 10 мамырда Көкшетауда болған.
