Басты бет / Жаңалықтар /
вокзал, поезд, пойыз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетті

Қарағанды облысында пойыз адамды басып кетіп, қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға 3 мамыр күні Қарағанды-Сұрыптау станция аумағында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеу басталды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook