Астанада 1-3 мамыр арасында ауыл жәрмеңкесі өтеді

Астанада 1, 2 және 3 мамыр күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірінен келген өндірушілердің өнімі ұсынылады.

Жәрмеңкеден көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн мен сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырын, тосап пен тағы басқа тауарларды сатып алуға болады. Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді, — делінген хабарламада.

Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар барады.