Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақорданың мәліметінше, президенттер бір біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.
