Алматыдағы көтерме базарда 9 делдал анықталды

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына бақылау күшейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл жұмыс премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тиімсіз делдалдарды жою мақсатында қаладағы бірқатар мемлекеттік органдар бірлескен мониториң жүргізді. Іс-шараға сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, экономикалық тергеп-тексеру қызметі және аудан әкімдіктері қатысты. Мониториң барысында қаланың ең ірі көтерме базарларының бірі — «Барыс-4» базары тексерілді. Нәтижесінде көтерме саудамен айналысатын тоғыз делдал анықталды, — делінген хабарламада.

базар
Фото: gov.kz

Сонымен қатар мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру аясында кәсіпкерлер мен базар әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптары түсіндіріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі назар әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау және баға белгілерінің ашық әрі дұрыс рәсімделуіне аударылды.