Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі республика аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салу туралы бұйрық жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Құжат бойынша, шектеу 2026 жылғы 21 қазанға дейін күшінде болады. Тыйым үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен Қазақстанға барлық көлік түрі арқылы жұмыртқа әкелуге қатысты енгізілген.
Бұл ретте, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктерге, сонымен қатар ЕАЭО елдері арасында Қазақстан арқылы тасымалданатын өнімдерге шектеу қолданылмайды.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан бұған дейін сәуір айында енгізілген жұмыртқа импортына тыйымды тағы бір айға ұзартқан болатын.
