Қазақстанда жаңа 20 000 теңгелік банкнот пайда болады

Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда тағы бір банкнот жаңаратынын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның айтуынша, келесі жылы жаңа 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығарылады. Қазіргі купюра дәстүрлі түрде жаңа нұсқамен қатар белгілі бір уақытқа дейін қолданыста болады.

Жаңа банкноттың дизайны дайын, біз оны көрсеттік. Алайда өндіріс процесі, сонымен қатар банктер мен банкомат желілерінің дайын болуы қажет. Қолма-қол ақша айналымы күрделі жүйе болғандықтан, жаңа купюра келесі жылы пайда болады, – деді Тимур Сүлейменов.

ақша, теңге
Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк басшысы бұл қадам банкноттар желісін толық жаңартуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар ол елдегі тиындардың (монеталардың) да жаңартылуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Дегенмен, бұл бағытта әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Қолма-қол ақша айналымына қатысты түрлі жоспарлар бар, бірақ монеталар бойынша нақты шешім әлі жоқ, – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да