ҰБТ-ға өтініш қабылдау мерзімі аяқталады: талапкерлерге ескерту

Ұлттық тестілеу орталығы биыл негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысқысы келетін талапкерлерге маңызды ескерту жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Орталықтың мәліметінше, өтініш қабылдау 25 сәуір күні сағат 23:59-да толық аяқталады.

Белгіленген уақыттан кейін талапкерлер өтініш бере алмайды. Сонымен қатар тіркеліп үлгерген қатысушылар тест тапсыратын орнын, күні мен уақытын өзгерте алмайды. Дегенмен, талапкерлер таңдаған пәндері мен тестілеу тілін емтиханға 24 сағат қалғанға дейін өзгерту мүмкіндігі сақталады, — делінген хабарламада.

Орталықтың дерегіне сәйкес, бүгінге дейін ҰБТ тапсыруға 441 мыңнан астам өтініш келіп түскен.