Астанада 25-26 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Келушілер көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, сонымен қатар кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да азық-түлік түрлерін сатып ала алады, — делінген хабарламада.
Іс-шара Keryen Joly сауда орталығы аумағында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттар бойынша қоғамдық көліктер қатынайды.
