Ет бағасы неліктен қымбаттайды?

«Баға өссе (ауыл шаруашылығы өнімдеріне), министрілікті және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді бұл жағдай қуантады. Себебі шаруалар өнім өндіретіндер тауарларын қымбаттырақ өткізуге мүмкіндік алады. Атап айтқанда, баға бойынша өңірлерде әралуандық байқалады, бүгінде бағаларға күнделікті мониторинг жүріп жатыр»,-деді Қайрат Айтуғанов.

Оның сөзіне қарағанда, көктем мезгілінде жаппай төрт түлік малдың төлдеуі жүріп жатқандықтан, еттің көлемі біршама төмендейді. Сондықтан бағаның маусымдық өсімі орын алып отыр.

Сондай-ақ вице-министр өнім экспорты артса, ішкі нарықта бағаның жоғарылауын ешкім жоққа шағармайтынын жеткізді. Яғни, бұл ретте экспорт тұрақты болса, бағаның өсетіндігі туралы болжам бар. Себебі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиімді бағамен өндіру қолайлы.

ДереккөзInform.kz