Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Мұхтар Шаханов Отырарда жерленетін болды: қоштасу рәсімі Алматыда өтеді

Фото: Ақ Жайық
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Отарарда жерленетін болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақынның денесі Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Қоғам ауылдық зиратына» қойылады.

Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды, — деп жазды ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Мұхтар Шахановтың көмекшісі Құдияр Біләлдің мәліметінше, ақынмен қоштасу рәсімі ертең 21 сәуірде, таңғы сағат 09:00-де Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді.

Айта кетейік, Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шахан мемлекет басшысына хат жолдаған. Онда жары ақынды Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің іргесіне жерлеуді сұраған.

Еске салайық, бұған дейін ақын Алматыдағы «Кеңсай-2″ зираты аумағына жерленетіні туралы ресми ақпарат тараған еді. 

Exit mobile version