Ақын Мұхтар Шаханның жары Ханшайым Шахан мемлекет басшысына хат жолдаған. Онда жары ақынды Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің іргесіне жерлеуді сұраған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Uzhdan жобасының жетекшісі Назерке Шәкірбай Ханшайым Шаханның президентке хат жазғанын айтып, журналистерге жолдап отыр. Хат Е-өтініш арқылы ақынның келіні Жаңагүл Өмірбектің атынан жазылып, 2026 жылғы 15 сәуірде тіркелген. Хат Президент әкімшілігіне жолданған.
Ақын хәл үстінде жатқан сәттен бастап, жары Ханшайым Шаханова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған. Онда ақынның соңғы аманаты нақты айтылған. Хат автордың рұқсатымен жарияланып отыр, — деп жазды Назерке Шәкірбай.
Хатты жариялап отырмыз:

