Не болды?
Дзюдодан Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Әділет Алмат алтын жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Olympic.kz ақпаратына қарағанда, ол 81 келі салмақ дәрежесі бойынша финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті.
Бұл Қазақстан үшін кейінгі төрт жыл ішінде алған алтын медаль болды. Бұған дейін алтынды 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында жеңіп алған еді.
Контекст
Енді Әділет Алматтың жеңісін қоса есептегенде ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін ерлер арасында дзюдошы Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), әйелдер арасында Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған еді.
