Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Талапкерлерге жаңа талап: енді ҰБТ бір рет тапсырылады

Фото: Gov.kz
Қазақстанда мемлекеттік білім беру грантын алу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) екі рет тапсыру мүмкіндігі жойылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, тестілеуді бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу міндетін толық шеше алмай отыр.

Министр ҰБТ жүйесін түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aida Balayeva (@aida_balayeva)

Грант конкурсына қатысу үшін тестілеуді бір рет тапсыру нәтижесі негізгі әрі түпкілікті бағалау ретінде қарастырылады. Сонымен қатар талапкерлердің білім деңгейін алдын ала бағалау және дайындықты жетілдіру үшін сынақ тестілеу форматы сақталады, — деді Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, мемлекеттік грантқа түсу үшін ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі талапкерлерге 2022 жылдан бастап берілген еді.